KazakhRussian
пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облыстық орыс драма театры ТЕАТР ТАРИХЫ


Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Министрлер Кеңесінің №141 Жарлығымен 1967 жылы 2 наурызда Жамбыл облыстық орыс драма театры деп аталды.

Театрдың құрылуына атсалысқан азаматтар: Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық әртістері:  Е. Орел, Е. Черноушенко және П. Черемисин,  Латвия Кеңестік Социалистік Республикалар  Одағының құрметті әртісі Вахтанг Турманидзе (Туманов).

Алты жыл аралығында Біздің жеткен жетістіктері:

2010 жылы қыркүйек айында ҰОЖ-нің 65 жылдығына орай  және қазақ қаһарманы Б. Момышұлының 100 –жылдығына арналған ХҮІІ Республикалық театр драматургиясының байқауында театр әртісі Бекназар Избасаров «Товарищь комбат» атты қойылымда ең тартымды сахналық бейнені сомдағаны үшін қаржылай сыйақыға қол жеткізді.

2012 жылы қараша айында Қазақстанның Театр Қайраткерлер Одағының ұйымдастыруымен өткен  Республикалық «Дебют» талантты жас режиссерлер байқауында жас режиссер Дина Жумабаеваға авторы С. Бекеттің шағармашылығының желісімен сахналаған «Годоны күте, күте...» атты қойылымында 1 орын берілді.

2013 жылы Халықаралық мәдениет күні мерекесіне Алматы қаласынынан бас суретші Владимир Сизинцев «Лучший художник-сценограф» атты құрмет атағынмен  «Еңлікгүл» медальі және Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының қаржылай сыйлығын иеленді.

2013 жылы Жамбыл облыстық орыс театры  Керчь (Украина) қаласында өткен Халықаралық  театрландырылған  «Беспорские агоны» фестивальде  «Антика тақырыбындағы ең үздік сахна» номенациясы бойынша Жанна Ануйя «Антигона» трагедиясымен лауреат атағын алды.

2013 жылы қараша айында Тараз қаласында өткен  «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты фестивальде М. Булгаковтың режиссер Дина Жұмабаеваның «Мертвые души» («Өлі жандар») атты қойылымын сахналауда оң нәтиже көрсетіп, «Ең үздік әртістік  ансамбль» номинациясы бойынша жүлделі орынды иеленіп, театр ұжымының 10 әртісіне қаржылай сыйлық берілді.

Сондай ақ үлкен жетістікпен 2013 жылдың қарашасында  Қырғыз Республикасында Бишкек қаласында өткен  Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына арналған  Халықаралық Бишкек Арт-Ордо фестивалінде Турция, Новосибирск, Алматы және Қырғыстан шетел мемлекеттерінен келген білікті театр ұжымдарымен қатарласа өнер көрсетіп алдыңғы қатардан көрінді.

Республикалық шеңберінде Жамбыл облысының мәдени күндері аясында театр ұжымы Бішкек, Астана, Шымкент, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Байқоңыр қалаларында өнер көрсетіп, тамаша жетістіктерге жетті.

2017 жылы  ХҮІ Халықаралық «Славия 2017» фестивалінде  театр ұжымы өнер көрсетіп бақ сынып қайтқан болатын. Еуропа елдерінен келген тағы сегіз шығармашылық ұжыммен өнер көрсетіп,  орыс драма театры 1 орынды иеленді.

2017 жылы  ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында өткен Халықаралық «Сахнадан сәлем!» атты театр фестивальіне қатысып, Дипломант атынды.

2018  жылдың театрының ұжымы Македония Республикасы Велес қаласында өткен «СТОБИ 2018»  Халықаралық антика драмасының театралдық фестивальіне қатысып өнер Эдвард Радзинскийдің «Нерон и я» қойылымынмен қатысты.Байқау қортындысы бойынша  театр өнері додадасында ерекше көзге түсіп, Сенеки бейнесін жоғарғы деңгейде сомдағаны үшін   ҚР "Мәдениет саласының үздігі" медальінің иегері Избасаров Бекназар Тұрарұлы «Ер адам бейнесін үздік сомдағаны үшін» марапатымен наградталды.

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында 2018 жылдың қараша айындағы 12 – 17-ші жұлдызы аралығында «Айтматов және театр» атты үш жылда бір рет өткізілетін Халықаралық фестивальге қатысып өнер көрсетті.     Бұл фестивальге орыс драма театры жазушының «Ғасырдан да ұзақ күн» романынын инцинировкалаған Султан  Раев,  Нурлан Абдыкадыровтың «Найман Ана» нақылдама драмасымен қатысты. Қоюшы-режиссер: Нурлана Абдыкадыров. Халықаралық фестивалінің қорытындысы бойыншаҮздік режиссура номенациясымен театр ұжымы марапатталды. Бұл тек режиссердің жеңісі емес, сонымен қатар бүкіл ұжымның жемісті еңбегінің нәтижесі.

Міне, 52-жыл қатарынан әр маусымда жаңа қойылымдар, тың материал, ерекше шығармашылық кештер мен акциялар ұйымдастыру арқылы  көрермендерін қуантып жүрген  театр Жамбыл облысы өңірінің мәдени өмірін жақсарту үшін тыңбай еңбек етіп келеді. Осы уақыт ширегінде Қазақстандық театр ұжымдары ішінде өз орнын ойып тапқан Жамбылдық орыс драма театры осы қарқынмен жұмысын одан әрмен жалғастыра бермек!

Байланыс телефондары:
Тараз қаласы, абай даңғылы  115 үй.
телефон: 45-26-01, 45-22-58
ұ.т. 8 705 55 66 99 8


facebook.   com/groups/taraz.rus.teatr
Одноклассники   ok.ru/zhambylsky
ВКонтакте     vk.com/public114943521
Мой Мир    my.mail.ru/mail/taraz.rus.teatr/
Инстаграмм    rus.dram.teatr
Театрдың ресми сайты - zhambyl-teatr.kz