KazakhRussian
пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны суретші -декоратор 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 наурыз.
 Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

Суретші - декоратор негізгі бағыты: қоюшы-суретшінің койылым және оны түсіру нысандарының декорациясына байланысты шығармашылық түпкі ойын іске асырады; декорациялық және түсірім нысандарын жобалауды, декорацияның архитектуралық элементтерінің тетіктерін, жиһаздың, реквизиттің эскизін, декорациялық нысандардың сызбасын, сондай-ақ олардың құрылысы бойынша жұмыс сипаттамасын жасайды; қоюшы-суретшінің эскиздеріне сәйкес жиһаз, реквизит, декорацияны әрлеуге арналған материалдарды іріктеуді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:   жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «өнер» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «өнер және мәдениет» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны экономист 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 наурыз.

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

          Экономистің негізгі бағыты: Еңбекті ұйымдастыруды, еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың нысаны мен жүйесін, материалдық және моральдық ынталандыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбек және еңбек ақы жөніндегі келешектегі және жылдық жоспарларының жобаларын әзірлейді. Еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді қолдануды, персонал санаттары мен біліктілік санаттары бойынша жұмысшылардың дұрыс қатынасын қамтамасыз етудің қажеттілігін есепке ала отырып, еңбек ақы қоры мен жұмысшылардың саны есептейді, жұмысшылар мен қызметшілердің қажеттілігін анықтауға, білікті кадрларды дайындауды жоспарлауға қатысады, жоспарлы көрсеткіштерді ұйымның бөлімшелеріне жеткізеді. Еңбекке ақы төлеудің қолданыстағы нысандары мен жүйелерінің, материалдық және моральдық көтермелеулердің қолдану тиімділігін зерттейді, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды. Өндіріс тиімділігі, өнімнің сапасын арттыру, өндіріс шығындарын қысқарту, сонымен қатар үй-жайлар мен мүлікті жалға берудің, ақшалай қаражатты бағалы қағаздарға орналастырудың нәтижесінде алынатын қосымша табысты бөлудің механизмін әзірлейді. Жабдықты пайдалануды жақсарту мен еңбек шығынын қысқарту мақсатында жұмысшыларды ынталандыру туралы ережені әзірлейді. Ұйым ұжымының әлеуметтік даму жоспарын құруға, еңбек тәртібін бекіту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға, кадрлардың тұрақсыздығын қысқартуға, жұмыс орнын пайдалану мен ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауға қатысу. Бекітілген басқарма құрылымы мен белгіленген тәртіпке сәйкес штат кестесін құрады. Штаттық тәртіптің сақталуын, еңбек ақы қорының шығындалуын, кәсіптер мен лауазымдар атауларының белгіленуінің дұрыстығын, тарифтік мөлшерлемелер мен баға өлшемдерінің қолданылуын, лауазымдық жалақылар мен басқа да төлемдерді, еңбек және демалыс тәртіптерінің сақталуын, еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Ұжымдық шартты дайындауға қатысады және қабылданған міндеттемелердің орындалуын бақылайды. Еңбек және еңбек ақы бойынша көрсеткіштерді есепке алуды жүргізеді, белгіленген есептілікті талдайды және құрады. Еңбек және еңбек ақы бойынша құру, енгізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректер қорын өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгеріс енгізеді. Тапсырмаларды немесе олардың есептеуіш техниканың көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерін экономикалық қоюды тұжырымдауға қатысады, жылдық жобаларды, алгоритмдерді және жоспарлы ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама пакеттерін қолдану мүмкіндігін анықтайды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қоюшы-режиссердің 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 наурыз.

 Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

Қоюшы-режиссердің негізгі бағыты: жаңа қойылымдарды (спектакльдерді, концерттерді, қойылымдарды) шығаруды және бұған дейін жасалғандарын жаңғыртуды жүзеге асыру және өзіне тапсырылған қойылымдардың жоғары идеялық және көркемдік деңгейін, олардың шығарылымын қамтамасыз етеді, дайындық үдерісін жоспарлау; театрлық ойын-сауық ұйымдар басшылығына қойылым топтары мен орындаушылар құрамдарын қалыптастыру бойынша ұсыныстарын жасау, көркемдік-қойылымдық бөлімнің жұмысына басшылық жасау және қамтамасыз ету, партиялар мен рөлдердің жаңа орындаушыларын енгізу, қойылған және жаңартылған қойылымдардың сапасын қамтамасыз ету, шығармашылық жұмыскерлердің кәсіби шеберліктерін арттыруға арналған шараларға тікелей қатысу, шығармашылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлерді ынталандыру және тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас әкімші 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 наурыз.

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

 Бас әкімшінің негізгі бағыты: көрермендерді қабылдауға және қызмет көрсетуге көрермендер залын, театрлық ойын-сауық ұйымның құрамы үшін сахна сыртындағы бөлмелерді даярлайды, театрлық ойын-сауық ұйымдардың орынжайларында және оған жапсарлас аумақтарда тазалықты қамтамасыз етеді; жарнамалауды, бағдарламалардың, буклеттердің сатылымын ұйымдастырады; көрермендерге, ұйымның жұмыскерлеріне қызмет көрсететін буфеттердің жұмысын қамтамасыз етеді, фойеде сауда нүктелерінің жұмысын ұйымдастырады; көшпелі спектакльдерді, концерттерді, цирк көрсетілімдерін ұйымдастыруға, гастрольдерді даярлауға және өткізуге қатысады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны суретші бутафор 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 наурыз.
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

Суретші бутафордың негізгі бағыты: дайын қалыптар бойынша папье-машеден бутафорлық бұйымдарды жасау, қоюшы-суретшінің эскиздері бойынша, түрлі материалдардан ұсақ суреттермен өрнектелген бутафорлық бұйымдарды, макеттерді әзірлеу бойынша жұмыстарды атқарады; эскиздер бойынша түстер жасайды, гипстен үлгі қалыптар құяды, ағаштарға қалып береді, дәлпішімдік жұмыстарды, органикалық әйнектен, фольгадан жұмыстар жасайды; түрлі материалдардан гүлдер, өз көлеміндегі тұлыптарды жасайды; күміс және алтынға ұқсатып металл бұйымдарын соғады. Бутафорлық бұйымдарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына қатысады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарық түсіру бойынша суретші 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 наурыз.

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

Жарық түсіру бойынша суретші негізгі бағыты: қойылымдарды (спектакльдерді, концерттерді, көрсетілімдерді) жарық түсіру арқылы көркемдік безендірудің стилистикасын жасайды; макет қабылдауға қатысады, орнату бойынша нақты ұсыныстар береді, қажетті техникалық құралдарды пайдалана отырып, қойылымдардың жарық түсіру жұмыстарын жасайды; жарық әсерлерін, қажетті техникалық құралдарды және құжаттамаларды жасайды; партитуралардағы белгіленген көркемдік жарық түсіруді бекіте отырып, қойылымның жарық беру дайындықтарын жүргізеді; қойылымдар барысында түсетін көркемдік жарықтың дәл орындалуын қамтамасыз етеді; қойылымды жарықтандыруды жаңғыртудың келешектегі жоспарларын жасайды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көркемдік жетекшісі 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 наурыз.

 Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

 Көркемдік жетекшісіннің негізгі бағыты: театр ұжымдарына жалпы басшылықты жүзеге асыру; тұрақты орындарда, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде қойылымдардың (спектакльдердің, концерттердің, цирк көрсетілімдерінің) жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз ету, жаңа қойылымдарды жасаумен және бұрын жасалған қойылымдарды жаңартумен, тұрақты, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде оларды жалға берумен байланысты жұмыстар кешенін қамтамасыз ету; ағымдағы репертуар қойылымдары көрсетілімінің күнтізбелік жоспарларын қарастырады және бекітеді; белгіленген нормаларға сәйкес негізгі қойылымдардың көрсетілімін жүзеге асыру, авторлармен жаңа сахналық туындыларды жасау бойынша жұмыстар жүргізу; ұжым жұмысының көркемдік қағидаттарын анықтау, ұзақ мерзімді репертуарлар жоспарларын, қойылымдар жасаудың жоспар-кестелерін бекіту; қойылым топтары мен орындаушылардың құрамдарын қалыптастыру; төраға ретінде көркемдік кеңестің жұмысын басқару; шығармашылық кадрлардың іріктелуін, орналастырылуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету; әртістік-көркемдік персоналдың шығармашылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, қызметкерлерді тарифтеу, ынталандыру туралы және тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.