пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

АСТАНА қ. ГАСТРОЛЬДІК ІССАПАР

М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрында Жамбыл облысының Мәдени күндерін өткізу аясында
23 және 24 қыркүйек 2016 жыл

Жамбыл облысының Астана қаласындағы мәдени күндері

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі бекітілген  іс-шаралар жоспарына сәйкес және қалааралық мәдени ахуалды  нығайту мақсатында Астана қаласында Жамбыл облысының мәдени күндерін өткізуге байланысты Жамбыл облыстық орыс драма театрының сахналайтын қойылымдары

Өтілетін мерзімі:  2016 жылдың  23 қыркүйегі сағ: 11.00., 19. 00.

                                 2016 жылдың  24 қыркүйегі сағ: 12.00., 18. 30.

23 қыркүйек сағ: 11.00. С. Маршак «Кошкин дом» ертегі.

                       сағ: 19.00. Шыңғыс Айтматовтың «Пеги Пес, бегущий краем моря» атты повесінің желісімен сахналанған бір аттас сахналық композиция. 

24  қыркүйек  сағ: 12.00. С. Маршак «Кошкин дом» ертегі.

                        сағ: 18.30 Ф. Буляков «Выходили бабки замуж» комедия.

Өтілетін орны:  Астана қаласы,  М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры.

Мекен – жайы:   Желтоқсан көшесі 11.

Анықтама телефоны:  қаланың коды 8 726 45-26-01 қабылдау бөлімі/факс

Театр директоры: Тәжиев Ақылдос Тлеубайұлы

Театр директорының орынбасары: Сон Валерия Михайловна

                                                        Байл. тел: 8 705 556 69 98  

Театрдың ресми сайты: zambyl-teatr.kz.

Электронды поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Әлеуметтік желілердегі интернет – парақшалары:

www.facebook.com/groups/raraz.rus.teatr

ok.ru/zhambylsky

my.mail.ru/mail/taraz.rus.teatr/

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық орыс драма театрының қысқаша

ТАРИХЫ

Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің №141 Жарлығымен 1967 жылы 2 наурызда Жамбыл облыстық орыс драма театры деп құрылды.

Театрдың алғашқы іргетасын қалаушылар:  Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық әртістері:  Е. Орел, Е. Черноушенко және П. Черемисин,  Латвия Кеңестік Социалистік Республикалар  Одағының құрметті әртісі Вахтанг Турманидзе (Туманов).

Театрдың құрылу тарихында жаңа кезеңнің бастау алуы театрдың жаңа директоры және бас режиссерімен жалғасты. 1992 жылы театрдың басшылары театрдың кадр саясатын жетілдіру мақсатында жергілікті азаматтарды жұмысқа қабылдап, жаңа серпін жасады. Театрда қызмет жасап жүрген 21 әртістер ішінде 17 әртісі Джамбулдың тумалары болды, соның ішінде 8 қызметкер Жамбыл мәдени-тынығу училищесінің  театр бөлімінен білім нәрімен сусындаған түлектер болды. Олар: А. Назин, Н. Гааль, О. Гурская, Н. Новикова, И. Яковлева, И. Избасарова, Е. Дубовик, Е. Козаченко.

Қазіргі таңдағы театрдың директоры: А. Тәжиев.

Театрдың   жеткен жетістіктері.

1970 жылы орыс драма театры,  В. И. Лениннің 100 жылдық мерей тойына арналған Жалпыодақ байқауында мемлекеттің 20 театр ұжымының арасында екінші орынға ие болды. О. Бадыковтың «Каракумская трагедия» атты қойылымын сахналап, марапатпен қатар лауреат та атанды. 1998 жылы  Қазақстан Республикасының VІ театр фистивальінде М. Каримнің «В ночь лунного затмения» атты қойылымында ойнаған жас әртіс Е. Дубовик «За лучшую роль артиста второго плана» атты дипломмен марапатталып, лауреат атағын иеленді.

1973 жылы милиция мамандығы турасында баяндалып, оның қыр-сырын көрсететін жаңа сахналанған қойылымы үшін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының қоғамдық тәртіп Министрілігінің атынан  Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мәдениет Министрлігінің дипломымен наградталды.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының  Жоғарғы Кеңес Президиумінің Жарлығына сәйкес 1980 жылдың 17 қазанында әртіс Чернушенко Матвеевнаға және Черемисин Петр Михайловичке «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрметті әртісі» атты марапаты берілді.

1998 жылы  Қазақстан  Республикасының  VІ театр өнеріне арналған байқауында  М. Каримнің «В ночь лунного затмения» атты қойылымында өнер көрсеткен әртіс Е. Дубовикке «За лудщую роль второго плана» атты диплом берілді.

1999 жылы әртіс А. Файзулина  Қазақсатн Республикасының «Құрмет грамотасымен» наградталды.

2000 жылы театр өнерін дамыту мен тарату мақсатында Жамбыл облысында  соңғы бес жыл аралығында үйымдастырылған іс-шарада А. Әмзеевтің «Мать солдата» атты қойылымда басты рольді сомдаған Г. Соколова «Ерең еңбегі үшін» медальмен марапатталды.

2010 жылы қыркүйек айында ҰОЖ-нің 65 жылдығына орай  және қазақ қаһарманы Б. Момышұлының 100 –жылдығына арналған ХVІІ Республикалық театр драматургиясының байқауында театр әртісі Бекназар Избасаров «Товарищь комбат» атты қойылымда ең тартымды сахналық бейнені сомдағаны үшін қаржылай сыйақыға қол жеткізді.

Театр ұжымы Қазақстан қалаларына және ТМД елдеріне гастрольдік іссапармен шықты: Қостанай, Атырау, Шымкент, Рудный, Новокузнецск, Орск, Междуреченск, Фергана, Коканд, Душанбе және Жамбыл облысы аудандарына барып жақсы көрсеткішпен оралды.

2010 жылы шілде айында театр ұжымы Ақтау қаласы Маңғыстау облысы Н. Жантурин атындағы Қазақ драма театрында, 2012 жылдың сәуірінде Қарағанды қаласында және маусым айында Шымкент қаласында гастрольдік іссапарлар ұйымдастырып өткізді.

Қазақстан мен Қарғыстан мемлекетінің мәдениет күндеріне орай 2012 жылы қыркүйек айында  Қырғыстанның  Мемлекеттік Ұлттық Ш. Айтматов атындағы орыс драма театрының сахнасында А. Камю «Калигула» арт-хаос, А. Лоуренс «Вестсайдың тарихы» социалды драмасын сахналап үлкен жетістікпен өнер көрсетті.

2013 жылы Керчь (Украина) қаласында өткен Халықаралық  театрландырылған  «Беспорские агоны» фестивалінде  «Антика тақырыбындағы ең үздік сахна» номенациясы бойынша Жанна Ануйя «Антигона» трагедиясымен қатысып, лауреат атағын алды.

2016 жылы ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» атты марапатты Жамбыл облыстық орыс драма театрының  әртісі, режиссері Сукопов Виктор Иванович иеленді.

Жамбыл облыстық орыс драма театрының халықаралық байқауларына қатысып, жеткен жетістіктері.

1.2013 жылы Жамбыл облыстық орыс театры  Керчь (Украина) қаласында өткен Халықаралық  театрландырылған  «Беспорские агоны» фестивальде  «Антика тақырыбындағы ең үздік сахна» номенациясы бойынша Жанна Ануйя «Антигона» трагедиясымен лауреат атағын алды.

2.2013 жылы қараша айында Тараз қаласында өткен  «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты фестивальде М. Булгаковтың режиссер Дина Жұмабаеваның «Мертвые душы» («Өлі жандар») атты қойылымын сахналауда оң нәтиже көрсетіп, «Ең үздік әртістік  ансамбль» номинациясы бойынша жүлделі орынды иеленіп, театр ұжымының 10 әртісіне қаржылай сыйлық берілді.

3.2013 жылдың қарашасында  Қырғыз Республикасында Бишкек қаласында өткен  Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына арналған  Халықаралық Бишкек Арт-Ордо

фестивалінде Турция, Новосибирск, Алматы және Қырғыстан шетел мемлекеттерінен келген білікті театр ұжымдарымен қатарласа өнер көрсетіп алдыңғы қатардан көрінді. Қырғыстанның мәдениет министірлігінен қоюшы -  режиссері: ҚР құрметті азаматы Юрий Иванович Ханинга – Бекназар,  Шыңғыс Айтматовтың «Пеги Пес, бегущий краем моря» атты повесінің желісімен сахналанған бір аттас сахналық композициясына дипломмен марапатталды.

4.2014 жылы Жамбыл облыстық мәдениет күндері аясында Алматы, Талдықорған қалларында өткен іс-шараларға  И. Вовнянконың «Туран Кентаврлары» (Кентавр Тұрандары) символикалық драмасы мен Ш. Айтматовтың  повестінің желісімен сахналанған «Пегий Пес, бегущий краем моря» («Теңіз жағалауымен жүгірген тарғыл төбет») атты қойылымдарын сахналау арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Соңғы 7 жыл аралығанда театрдың техникалық базасында және шеберханаларында көптеген оң нәтижелі өзгерістер жасалды, режиссура мен әртістер труппасының тізімі жаңартылды. Теардың күн арта жұмысы қиындап  өсуіне қарамастан оның қызметкерлеріне күш түскен сайын олар жігерлік танытып Тараз шаһарының сахнасында көрермендерді қуантуға атсалысып, театр өнерін дамытуға үлес қосып  бір сәткеде кідірмей тыңбай еңбек етуде. 2010 жылдан бері театр жыл сайын Қазақстанның  Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Орал, Ақтөбе т.б. қалаларына гастрольдік іссапар ұйымдастырып өткізуде. 2016 жылдың сәуір айында Қазақстанаралық қарым-қатынасты нығайтумен өнер алмасу мақсатындағы Байқоңыр қаласына 3 гастрольдік іссапар ұйымдастырылып өткізілді. Іссапарда сахналанған қойылымдар көрермендердің тарапынаң жақсы ілтипатқа бөленді. Театр ұжымы 2016 жылдың мамыр айында  Алматы қаласындағы Н. Сац атындағы ЖКТ –ның сахнасында  гастрольдік қойылымдарды сахналауға мүмкіншілік алды. Сонымен қатар театр Бишкек (Қырғыстан 2012 жыл ), Астана (2014), Талдықорған (2015 жыл)  қалаларында Жамбыл облысының мәдени күндерінде өнер көрсетіп тамаша жетістіктермен оралды.

2017 жылы театр Алматы қаласы,  Лермонтов атындағы Мемлекеттік   Академиялық орыс драма театрының ұйымдастыруымен өтілетін   Республикалық  «Алматы кездесулері» атты Қазақстан орыс драма театрлары арасындағы байқауға қатысып бақ сынасуды жоспарлап отыр.

Біз алдағы уақытта өзге мемлекет театрларымен шығармашылық тұрғыда қызмет алмасамыз деген ойдамыз.

Театр репертуарында 35 қойылым бар, соның ішінде балаларға арналған ертегілерде қамтылған.

Біздің  өзге мемлекеттің көрермендеріне  көрсетерімізбен айтарымыз мол.

         Театр облыстық, қалалық мәдени іс-шараларға атсалысуда. Сонымен қатар «Родонеж» орыс қоғамымен бірлесіп Пушкин және Есенин кештеріне, орыс халқының ұлттық мерекелері Рождество, Маслиницаға қатысуда.

         2017 жылы біздің театр 50 жылдық мерейтойын атап өту қарсанында жаңа белестерді бағындырумен шығармашылық  деңгейін көтеруге бар жігерін салуда.

Анықтама телефоны:  қаланың коды 8 726 45-26-01 қабылдау бөлімі/факс

Театр директоры: Тәжиев Ақылдос Тлеубайұлы

Театр директорының орынбасары: Сон Валерия Михайловна

                                                        Байл. тел: 8 705 556 69 98  

Театрдың ресми сайты: zambyl-teatr.kz.

Электронды поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Әлеуметтік желілердегі интернет – парақшалары:

www.facebook.com/groups/raraz.rus.teatr

ok.ru/zhambylsky

my.mail.ru/mail/taraz.rus.teatr/

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі бекітілген  іс-шаралар жоспарына сәйкес және   қалааралық мәдени ахуалды  нығайту мақсатында Астана қаласында Жамбыл облысының мәдени күндерін өткізуге байланысты Жамбыл облыстық орыс драма театрының Астана қаласы,  М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрында сахналайтын қойылымдары

23 қыркүйек сағ:19.00-де

Шыңғыс Айтматовтың  «Теңіз жағалауымен жүгірген тарғыл төбет»

(«Пеги Пес, бегущий краем моря» ) атты повесінің желісімен сахналанған бір аттас сахналық композиция.

Қойылымда Солтүстік жағалауындағы аңшылар теңізінде өмір сүріп жатқан халықтың ауыр тұрмысын суреттеу арқылы олардың өз ұрпағының өңіп-өсуіңе деген жанқиярлық обсалюдтты адамгершілікке құралған өз отанын сақтап, елінің тыныштығын күзеткен жұпыны елдің хал-ахуалын баяндап береді, қазіргі таңдада Сахалинде тұратын Нив халқы бұрынғысынша ауыр жағдайда, кедейліктің зардабын шегіп ғұмыр кешу үстінде.... осы сынды ауыр атмасфераға құралған әңгімені қоюшы – режиссер  ҚР құрметті азаматы Юрий Иванович Ханинга – Бекназар сахналап көрермендерге ұсынды.  

Қоюшы – суретші: Владимир Сизинцев

Балетмейстер: Зульфия Ахметшина

Сондай ақ Ш. Айтматовтың  повестінің желісімен сахналанған «Пегий Пес, бегущий краем моря» («Теңіз жағалауымен жүгірген тарғыл төбет») атты қойылымымен 2013 жылдың қарашасында  Қырғыз Республикасында Бишкек қаласында өткен  Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына арналған  Халықаралық Бишкек Арт-Ордо фестивалінде, Талдықорған (2014ж.) Жамбыл облысының мәдениет күндеріне орай сахналау арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Театр ұжымы Қарағанды (2012 ж.), Шымкент (2013 ж.) Орал (2015 ж.), Ақтөбе (2015 ж.), Байқоңыр (2015 ж.), Алматы (2016 ж.) қалаларындағы гастрольдік іссапарларында осы қойылымды көрермендерге ұсынды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі бекітілген  іс-шаралар жоспарына сәйкес және   қалааралық мәдени ахуалды  нығайту мақсатында Астана қаласында Жамбыл облысының мәдени күндерін өткізуге байланысты Жамбыл облыстық орыс драма театрының Астана қаласы,  М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрында сахналайтын қойылымдары

24  қыркүйек сағ:18.00-де

Флорид Буляков  «Кемпірлер байға тигенде...»

Флорид Буляков  «Кемпірлер байға тигенде...»  атты лирикалық комедиясының оқиғасы Қарттар үйінде өрбиді, «махаббат жас- кәріні талғамайды» - дегендей көңілдің емін тауып жылулық сыйлап адамға сенімділік пен махаббатты жүрекке қондыру, болашаққа үмітпен қарау  сынды ұғымдар адамгершіліктің басты құндылығы болып табылады. Қарттар үйіндегі шағын бөлмеде тұрып жатқан төрт қарт әйелдің тағдыры сырт көзбен қарағанда шағымдануға тұрарлықтай емес,  барлық жағдай жасалынып тұрмысы ретке келтірілген  көніліңе жаққан ісіңмен айналыссан болғаны тоқыма тоқы, жыр шумақтарын жаз қаласаң гитарамен ән сал...  алайда олар жүректерінің түбінде қоғамға, жақындарына қажеті жоқ болғандықтан тағдырларына налуда. Әр қайсысының өмір тәлкегіне түскен тағдыры бар, бақыт пен махабатқа деген көзқарастарыда әртүрлі. Күндердің күнінде бөлмелеріне жарық беру технигі  Иван келгенде төрт қарт әйелдің көкірегінде әліде үміті үзілмеген әйел бақытының шоғы жандана түсті.

Алдына қойған тапсырмамен қоюшы – режиссер,  Иван рөліндегі кейіпкер, ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» атты марапаттын иегері Виктор Сукопов Иванович өте тамаша  орындады.

Әйел кейіпкерлеріндегі психологиялық тұрғыдағыдан сенімді және эмоциялық әрекетін  театр әртістері:

Надежда Антимонова, Надежда Турманидзе, Нина Стерпкова, Ольга Избасарова және Галина Соколова ойдағыдай көрсете білді.

Қойылым 2011 жылы сахналанған.

 

 Кішкентай бүлдіршіндерге арналған қойылымдар

23 қыркүйек сағ: 11.00

24 қыркүйек сағ: 12.00

Күндердің бір  күндерінде Мысықтың үйінде  өте сұлу Мысық өмір сүріпті. Ол мысықтың екі жиені болады, бір күні ол кішкентай марғаулардың басыңа іс түсіп Мысық апайына келіп үйіне кіргізу туралы өтініш жасағанымен Мысық оларды үйіне кіргізбепті. Тілсіз жау айтқызбай келеді емес пе мысықтың өз үйі өртеніп кеткенде оны жиендері үйлеріне кіргізіп жылулық сыйлайды. Пьессаны бас-аяғы оқып шыққандар кемде кем шығар...  алайда қоюшы-режиссер  Виктор Сукоповтың сахналауымен тамаша музыкаға құралған  қойылымды Астана тұрғындарына театр ұжымы  бірінші мәрте ұсынбақшы.

Сіздерді біздің қойылымдарда күтеміз!!!

Add comment


Security code
Refresh