Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны артист 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды
Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 05 желтоқсан.
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.
Артистің негізгі бағыты: жаңа және жаңғыртылатын қойылымдардағы партияларды (рөлдерді) дайындайды; тұрақты орындардағы, гастрольдер мен сапарлардағы спектакльдерде, концерттерде, театрдың көріністерінде партияларды (рөлдерді) орындайды; дайындықтарға шығармашылық әзірлікпен келеді; вокалдық және актерлік шеберлігін шыңдай отырып, өз бетінше, сондай-ақ үйретушімен және концермейстермен бірге жаттығады; жаңа шығармаларды, репертуарлық жоспарларды және шығармашылық қызметтің мәселелерін талқылауға қатысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «өнер» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «өнер және мәдениет» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын; музыкалық сауаттылықты, негізгі музыкалық-теориялық пәндерді, актерлік шеберлік теориясын, сахна тілі және сахналық қимыл, хореография негіздерін, партия және рөлдердегі тренаж әдістерін.
Артистің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 05 желтоқсан.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.