Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны балетмейстер 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды
Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 05 желтоқсан.
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.
Балетмейстерінің негізгі бағыты: жаңа балет қойылымдарын (спектакльдерді, концерттерді, көрсетілімдерді) жасауға және бұған дейін жасалғандарын жаңғырту бойынша жұмыстарға қатысады; қойылымдардың би-пластикалық шешімдерін әзірлейді; жаңа және бұдан бұрын жасалған спектакльдердегі жекелеген хореографиялық-би нөмірлердің, концерттік бағдарламаларға арналған дербес нөмірлердің қойылымдарын жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «хореография» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «хореографиялық өнер» мамандығы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституцияны; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын; классикалық, заманауи және халық хореографиясын, режиссура және актерлік шеберлік негіздерін және олардың хореография өнерінде қолданылуын, музыкалық драматургия негіздерін, тренажды жұмыстың түрлері мен әдістерін.
Балетмейстерінің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 05 желтоқсан.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.