Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңгер 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды
Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 06 мамыры.
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.
Заңгердің негізгі бағыты: құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады; заңды тұлғаларды тіркеуді, бағалы қағаздар эмиссиясының, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді; акционерлердің (бөгде ұйымдардың) тізілімін жүргізу бойынша жұмысты үйлестіреді, кәсіпорын органдарының құқықтық негіздерін (жалпы жиналыстың өкілеттіктері туралы, директорлар кеңесі туралы, басқарма туралы, тексеру комиссиясы туралы ережелерді әзірлейді) анықтайды; мүлікті сатып алу немесе бас тартуға байланысты мәмілелер (шарттар) туралы ережені әзірлейді; кәсіпорын акцияларымен мәмілелерді үйлестіреді; кәсіпорындағы дивиденттік саясаттың құқықтық негіздерін анықтайды және оны үйлестіруді жүзеге асырады; кәсіпорынды кәсіпорынның қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; кәсіпорын бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді; кәсіпорын басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, тәртібі мен өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамаларға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларының жауапты қызметкерлермен келісу кезеңдерін сақтауды тексеруді, құжат жобаларына қол қоюды, кәсіпорынның жауапты қызметкерлеріне заңнаманың өзгерісімен
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар 1-санатты заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 2-санатты заңгер лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
2-санатты заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз заңгер лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Білуі тиіс: кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар; кәсіпорынның профилі, мамандануы және құрылымының ерекшелігі; заңнаманың азаматтық, кәсіпкерлік, әкімшілік, қаржылық, салықтық және өзге де салалары; төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері; құқықтық құжаттар жөніндегі іс жүргізу стандарттары; мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымы; заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқықтық құжатты жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі; әкімшілендіру негізі, іскери байланыс этикасы; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Заңгердің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 06 мамыры.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.






