KazakhRussian
пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жырлайды жүрек

Жырлайды жүрек

210218Спешим поздравить победителей конкурса "Жырлайды жүрек" - молодых актеров нашего театра Ольгу Махиня, Санжара Ботбайбек и Азизу Айнабекову, исполнивших поэзию Макагали Макатаева.  Тем более порадовала высокая оценка, данная взыскательным, профессиональным и компетентным жюри. Мы гордимся своей талантливой молодежью.



2202182Газета «Jambyl-Таrаz» Автор Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
 -  "Ақиық ақынның өлеңдерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқау барысында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев алғашқы болып сөз алып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Байқау шарты бойынша әр мекемеден қатысқан екі қызметкер Мұқағали ақынның шығармасынан өлең оқуы тиіс. Аталмыш сайысқа 25 қызметкер қатысуға ниет білдіріп, ақын туындыларын мәнерлеп оқып шықты. Үміткерлердің өлеңдерін тыңдап, әділ бағасын беруге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов қазылар алқасына төрағалық етті. Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Айгүл Кабиева мен ТарМПУ ұстазы Сейсекүл Исматова да қазылар алқасы құрамынан табылды. Өлеңмен өрілген кеш барысында үміткерлер ақынның көпшіліктің жүрегінен жол тапқан түрлі тақырыптағы жырларын ортаға салды. Әсіресе халық ішінде кең тараған «Бақыт деген не өзі?», «Сенің көзің», «Сен менің жанарымның ішіндесің», «Ғашықпын» сынды жырларымен қатар, ақын шығармасынан бірнеше туындыдан үзінділерін мәнерлеп оқып, жүрекке жеткізуге талпынды. Ал облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Мереке Мелдеева «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ерекше көрініс қойып, көрермендердің ықыласына бөленді. Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясынан қатысқан Асыл Санатбаева өзгелерден оқ бойы үздік танылып, бас жүлдені жеңіп алды. I орынды балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан Мереке Мелдеева және облыстық халық шығармашылығы мен «Руханият» орталығынан Айдын Асқарәлі қанжығасына байлады. II орын биігінен орыс драма театрынан Оля Махиня мен облыстық филармония қызметкері Қайрат Болысбек көрінді. Ал жүлделі III орынды Ш.Уәлиханов атындағы кітапхана қызметкері Балжан Мырзатаева, облыстық қазақ драма театрынан Альмира Талғатқызы және орыс драма театрының атынан қатысқан Азиза Айнабекова мен Санжар Ботабайбек өзара бөлісті.
Спешим поздравить победителей конкурса "Жырлайды жүрек" - молодых актеров нашего театра Ольгу Махиня, Санжара Ботбайбек и Азизу Айнабекову, исполнивших поэзию Макагали Макатаева.  Тем более порадовала высокая оценка, данная взыскательным, профессиональным и компетентным жюри. Мы гордимся своей талантливой молодежью.

Газета «Jambyl-Таrаz» Автор Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
 -  "Ақиық ақынның өлеңдерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқау барысында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев алғашқы болып сөз алып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Байқау шарты бойынша әр мекемеден қатысқан екі қызметкер Мұқағали ақынның шығармасынан өлең оқуы тиіс. Аталмыш сайысқа 25 қызметкер қатысуға ниет білдіріп, ақын туындыларын мәнерлеп оқып шықты. Үміткерлердің өлеңдерін тыңдап, әділ бағасын беруге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов қазылар алқасына төрағалық етті. Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Айгүл Кабиева мен ТарМПУ ұстазы Сейсекүл Исматова да қазылар алқасы құрамынан табылды. Өлеңмен өрілген кеш барысында үміткерлер ақынның көпшіліктің жүрегінен жол тапқан түрлі тақырыптағы жырларын ортаға салды. Әсіресе халық ішінде кең тараған «Бақыт деген не өзі?», «Сенің көзің», «Сен менің жанарымның ішіндесің», «Ғашықпын» сынды жырларымен қатар, ақын шығармасынан бірнеше туындыдан үзінділерін мәнерлеп оқып, жүрекке жеткізуге талпынды. Ал облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Мереке Мелдеева «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ерекше көрініс қойып, көрермендердің ықыласына бөленді. Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясынан қатысқан Асыл Санатбаева өзгелерден оқ бойы үздік танылып, бас жүлдені жеңіп алды. I орынды балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан Мереке Мелдеева және облыстық халық шығармашылығы мен «Руханият» орталығынан Айдын Асқарәлі қанжығасына байлады. II орын биігінен орыс драма театрынан Оля Махиня мен облыстық филармония қызметкері Қайрат Болысбек көрінді. Ал жүлделі III орынды Ш.Уәлиханов атындағы кітапхана қызметкері Балжан Мырзатаева, облыстық қазақ драма театрынан Альмира Талғатқызы және орыс драма театрының атынан қатысқан Азиза Айнабекова мен Санжар Ботабайбек өзара бөлісті.

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить