KazakhRussian
пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жүрек патшалығындағы сезім серісі

1603172

Жамбыл облыстық драма театрының әртістері Халықаралық әйелдер күніне орай Гильерме Фигейредоның «Дон Жуан» комедиясын сахналап, тараздық аруларға тосынсый жасады. Жүрек патшалығындағы сезім серісі Есет деген ақын бар Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ Премьераның қоюшы-режиссері – Қуандық Қасымов. Жалпы Дон Жуан десе көңілі махаббатқа тоймаған, хас сұлулардың көлдей көз жасына себеп болған сергелдең сезімнің иесі, бекзада болмысты, талай аруды өзіне ғашық етіп, махаббаттың отына аяусыз тастап кететін сері жігіт көз алдымызға елестейтіні рас.

Тарихта шынымен дон Хуан Тенорио атты осындай жан өмір сүрген. Кастилиялық король, досы Педро I арқасында ол ұзақ уақыт бойы сезім арпалыстары мен махаббат жолында мыңмен жалғыз алысқан арпалыстарын жалғастырып жүре береді. Ақыры аяғында ол францискалық монахтардың қолына түсіп, қаза табады. Және Дон Жуан жайлы мәңгілік аңызды ауыздан ауызға таратқандар да солар еді. Уақыт өткен сайын ол туралы аңыз-әңгімелер мың құбылып, әр заманның ыңғайына қарай өзгеріп, түрленіп отырды. Талай әдеби көркем шығармаларға арқау болды. Үлкен қойылымдар, поэмалар мен опералар, жыр-дастандар жазылды. Жалпы Дон Жуан тақырыбында әр мемлекеттің, әр құрлықтың белгілі классик жазушылары мен ақындары қалам көтерген болатын. Тараз шаһарында сахналанған бұл пьеса Гильерме Фигейредоның қаламынан туған. Мұнда автор Дон Жуанның тағдырына өзінің көзқарасы бойынша өмірлік өрнектерді кестелейді. Яғни көрермендерге әйгілі серіні басқа қырынан танытқысы келеді. Көбіне күлкілі жайттарды топтастырған екен. Испандық үлгіде киініп, өзінің жүріс-тұрысымен, сәнді киімімен сахнаға көтерілген ол көрермендердің жүрегін бірден жаулап алды. Басты кейіпкердің рөлін театр әртісі Данияр Кенжебеков сомдап шықты. Қойылым барысында әлемге серілігімен әйгілі болған кейіпкер өзіне ешқандай да аруларды ғашық қылуды мақсат етпегенін, ол да әрбір ер азамат секілді қарапайымдылықты жаны сүйетін, жалғыз ғана өз сүйіктісін іздеген жан екенін жеткізіп, ісімен ақталады. Және ол өз жүрегінің қалауын табады да. Оқиғада оның жүрегін жаулаған Донья Анна (әртіс Елена Козаченко, Әнел Ізбасарова) секілді арулардың тағдыры таласқа түседі. Оқиға желісі бойынша жақсылық пен жамандықтың, сүю мен жек көрудің арасы бір сәттік екенін аңғармаған жан аз күндік марапаттың мәңгілік мазағына ұрынады. Ар жолынан саналы түрде бас тарту кейіпкер тағдырын тұйыққа тірейді. Шытырманға толы тартыстар мен машақаты мол махаббат тартысына жетелейтін шығармадан әр көрермен өз көкейіне ой түйді. Жалпы қойылым кейіпкерлерінің болмысын театр әртістері үлкен шеберлікпен ойнап шықты. Балетмейстер Лаура Дүйсен мен қоюшы-суретшісі Сергей Копыловтың еңбегі де ерекше бағаланды. Тараздықтардың қошеметіне бөленген қойылым шынайы махаббаттың жеңісімен түйінделді.

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить