KazakhRussian
пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көркемдік жетекшісі 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 сәуір.

 Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

 Көркемдік жетекшісіннің негізгі бағыты: театр ұжымдарына жалпы басшылықты жүзеге асыру; тұрақты орындарда, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде қойылымдардың (спектакльдердің, концерттердің, цирк көрсетілімдерінің) жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз ету, жаңа қойылымдарды жасаумен және бұрын жасалған қойылымдарды жаңартумен, тұрақты, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде оларды жалға берумен байланысты жұмыстар кешенін қамтамасыз ету; ағымдағы репертуар қойылымдары көрсетілімінің күнтізбелік жоспарларын қарастырады және бекітеді; белгіленген нормаларға сәйкес негізгі қойылымдардың көрсетілімін жүзеге асыру, авторлармен жаңа сахналық туындыларды жасау бойынша жұмыстар жүргізу; ұжым жұмысының көркемдік қағидаттарын анықтау, ұзақ мерзімді репертуарлар жоспарларын, қойылымдар жасаудың жоспар-кестелерін бекіту; қойылым топтары мен орындаушылардың құрамдарын қалыптастыру; төраға ретінде көркемдік кеңестің жұмысын басқару; шығармашылық кадрлардың іріктелуін, орналастырылуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету; әртістік-көркемдік персоналдың шығармашылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, қызметкерлерді тарифтеу, ынталандыру туралы және тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «өнер» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша театрлық ойын-сауық ұйымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясың; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын; шығармашылық үдерістің әдіснамасын, режиссура және актерлік шеберліктің теориясы мен практикасын, сахналық және музыкалық безендіру негіздерін, музыкалық өнер негіздерін, шетелдік театрлық ойын-сауық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін, классикалық және заманауи драматургияны білу.

 Көркемдік жетекшісіннің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:        

1)    конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)    мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)    еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)    білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)     еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы                                   № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 сәуір.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.