KazakhRussian
пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарық түсіру бойынша суретші 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 сәуір.

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

Жарық түсіру бойынша суретші негізгі бағыты: қойылымдарды (спектакльдерді, концерттерді, көрсетілімдерді) жарық түсіру арқылы көркемдік безендірудің стилистикасын жасайды; макет қабылдауға қатысады, орнату бойынша нақты ұсыныстар береді, қажетті техникалық құралдарды пайдалана отырып, қойылымдардың жарық түсіру жұмыстарын жасайды; жарық әсерлерін, қажетті техникалық құралдарды және құжаттамаларды жасайды; партитуралардағы белгіленген көркемдік жарық түсіруді бекіте отырып, қойылымның жарық беру дайындықтарын жүргізеді; қойылымдар барысында түсетін көркемдік жарықтың дәл орындалуын қамтамасыз етеді; қойылымды жарықтандыруды жаңғыртудың келешектегі жоспарларын жасайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «кескіндеме» немесе «графика» немесе «дизайн» немесе «бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;  жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «өнер және мәдениет» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституцияны; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын; материалдық мәдениет және сценография тарихын, сахна техникасы мен технологиясын, театрлық  жарықтандыру саласындағы ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, сценографияның дамуын, электротехниканы, оптиканы, электрониканы, есептеуіш техниканы, түстануды, механиканы.

Жарық түсіру бойынша суретші лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

  Конкурс Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1)    конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)    мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)    еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)    білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)     еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 сәуір.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.