KazakhRussian
пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қоюшы-режиссердің 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 сәуір.

 Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

Қоюшы-режиссердің негізгі бағыты: жаңа қойылымдарды (спектакльдерді, концерттерді, қойылымдарды) шығаруды және бұған дейін жасалғандарын жаңғыртуды жүзеге асыру және өзіне тапсырылған қойылымдардың жоғары идеялық және көркемдік деңгейін, олардың шығарылымын қамтамасыз етеді, дайындық үдерісін жоспарлау; театрлық ойын-сауық ұйымдар басшылығына қойылым топтары мен орындаушылар құрамдарын қалыптастыру бойынша ұсыныстарын жасау, көркемдік-қойылымдық бөлімнің жұмысына басшылық жасау және қамтамасыз ету, партиялар мен рөлдердің жаңа орындаушыларын енгізу, қойылған және жаңартылған қойылымдардың сапасын қамтамасыз ету, шығармашылық жұмыскерлердің кәсіби шеберліктерін арттыруға арналған шараларға тікелей қатысу, шығармашылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлерді ынталандыру және тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, «режиссура» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс;

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазакстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын; режиссура және актерлік шеберлік теориясын, сахналық және музыкалық безендіру негіздерін, классикалық және заманауи драматургияны, вокалдық, хор және хореографиялық өнер негіздерін, партитурамен және музыкалық-сахналық шығармалармен жұмысты білу.

Қоюшы-режиссердің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

  Конкурс Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1)    конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)    мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)    еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)    білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)     еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 сәуір.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді. 08 января 2024 года