KazakhRussian
пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны экономист 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 сәуір.

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

          Экономистің негізгі бағыты: Еңбекті ұйымдастыруды, еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың нысаны мен жүйесін, материалдық және моральдық ынталандыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбек және еңбек ақы жөніндегі келешектегі және жылдық жоспарларының жобаларын әзірлейді. Еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді қолдануды, персонал санаттары мен біліктілік санаттары бойынша жұмысшылардың дұрыс қатынасын қамтамасыз етудің қажеттілігін есепке ала отырып, еңбек ақы қоры мен жұмысшылардың саны есептейді, жұмысшылар мен қызметшілердің қажеттілігін анықтауға, білікті кадрларды дайындауды жоспарлауға қатысады, жоспарлы көрсеткіштерді ұйымның бөлімшелеріне жеткізеді. Еңбекке ақы төлеудің қолданыстағы нысандары мен жүйелерінің, материалдық және моральдық көтермелеулердің қолдану тиімділігін зерттейді, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды. Өндіріс тиімділігі, өнімнің сапасын арттыру, өндіріс шығындарын қысқарту, сонымен қатар үй-жайлар мен мүлікті жалға берудің, ақшалай қаражатты бағалы қағаздарға орналастырудың нәтижесінде алынатын қосымша табысты бөлудің механизмін әзірлейді. Жабдықты пайдалануды жақсарту мен еңбек шығынын қысқарту мақсатында жұмысшыларды ынталандыру туралы ережені әзірлейді. Ұйым ұжымының әлеуметтік даму жоспарын құруға, еңбек тәртібін бекіту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға, кадрлардың тұрақсыздығын қысқартуға, жұмыс орнын пайдалану мен ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауға қатысу. Бекітілген басқарма құрылымы мен белгіленген тәртіпке сәйкес штат кестесін құрады. Штаттық тәртіптің сақталуын, еңбек ақы қорының шығындалуын, кәсіптер мен лауазымдар атауларының белгіленуінің дұрыстығын, тарифтік мөлшерлемелер мен баға өлшемдерінің қолданылуын, лауазымдық жалақылар мен басқа да төлемдерді, еңбек және демалыс тәртіптерінің сақталуын, еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Ұжымдық шартты дайындауға қатысады және қабылданған міндеттемелердің орындалуын бақылайды. Еңбек және еңбек ақы бойынша көрсеткіштерді есепке алуды жүргізеді, белгіленген есептілікті талдайды және құрады. Еңбек және еңбек ақы бойынша құру, енгізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректер қорын өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгеріс енгізеді. Тапсырмаларды немесе олардың есептеуіш техниканың көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерін экономикалық қоюды тұжырымдауға қатысады, жылдық жобаларды, алгоритмдерді және жоспарлы ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама пакеттерін қолдану мүмкіндігін анықтайды.



           Өнімді мемлекеттiк сатып алу туралы нарықтық зерттеулер жүргізеді. Конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдауға, ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар дайындауға, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастыру және қолдауға, тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуге, Тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманы, өтінімді алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шараларына қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізеді. Конкурстық комиссияға дайын құжаттарды ұсынады. Компания қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, компанияға тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы алады, мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға ұсыныстары туралы ақпарат алады. Конкурстық құжаттаманы дайындауға жұмсалатын шығынды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге өтінім беруге қатысады. Компания әкімшілігінің өкімдері мен бұйрықтарын орындайды. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес құжаттаманы жүргізеді. Бюджеттік әкімшімен хат-хабар алмасады. Тауар немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу үшін Ережеге сәйкес сарапшылармен консультациялық хат-хабар алмасуды жүргізеді.бюджет қалыптастыруға, өтінім беруге және мемлекеттік сатып алудың жоспарын жасауға қатысады. Бекітілген өтінімдерді мемлекеттік органдардың сайттарына өзі береді. Конкурстар бойынша шарттарға қол қойылуын, мерзімдердің сақталуын үйлестіреді.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мемлекеттiк сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, менеджмент, маркетинг және экономика негіздері, бағаны қалыптастыру әдістері, стратегиясы мен тактикасы, құжаттардың әзiрлеу бойынша компъютерлік технология және бағдарламалық қамтамасыз ету, өңірлік экономикалық саясат, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар, еңбек экономикасы, өндірістің экономикасы мен ұйымдастырылуы, еңбек және еңбекақы, еңбек өнімділігі, ұжымның әлеуметтік дамуы жөніндегі келешектегі және жылдық жоспарларды әзірлеудің тәртібі, еңбек ақысы мен материалдық ынталандыру нысаны мен жүйесі, жұмысшылар санын анықтаудың тәсілдері, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалықтары, жұмыс пен жұмысшыларды тарифтеудің тәртібі және лауазымдық жалақыларды (мөлшерлемелерді) белгілеу, еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес басқа да төлемдер, еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштер есебі мен талдауы тәсілдері, өндіріс технологиясының негізі, еңбек және еңбекақы бойынша есеп айырысулар мен есебін жүзеге асыру үшін есептеуші техниканы қолданудың мүмкіндігі, оны пайдаланудың ережесі, шаруашылық құқығы, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

       Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Экономистің  лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

  Конкурс Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:        

1)    конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)    мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)    еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)    білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)     еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы                                   № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2024 жылдың 18 сәуір.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.